Институтымызда Мұқағали Мақатаевтың 90 жасқа толуына орай «Хан Тәңірі шыңының жыр-керуені» тақырыбында әдеби-конференциялық кеш болып өтті

Институтымызда қазақ халқының белгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына байланысты әдеби кеше болып өтті. Бұл кешеде институтымыздың ғылыми істері бойынша проректор Моятдин Жалелов және қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы PhD философия ғылымдары бойынша филология докторы, доцент Турсынай Төрткулбаевалар өзінің шығып сөйлеуінде ақынның өмір жолы туралы баянат жасады. Және де бұл конференцияға бирнеше профессор оқытушылар және студенттер белсене катнасты.

М.Мақатаев – 1931 жылғы 9-ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы Хантаңірі ауылының етегінде дүниеге келген. Он жеті жасар ақынның шығармашылық жолы газет-журналдарда жариялана бастайды. Ақын 1962-жылы «Социалисттік Қазақтан» газетінде жарияланған «Аппассионат» поэмасы арқылы танылып, есімі қазақтың үздік ақындарының қатарын толықтырады. Ақынның көптеген өлеңдері халықтың сүйіп тыңдайтын әндеріне айналған. Айта кететін болсақ, Есіңе мені алғайсың, Сенің көзің, Саржайлау және тағы басқа әндері қазіргі уақытта да шырқалып келеді. Сонымен қатар ақынның қысқа өмірінде аудармалар да ерекше орнын алған.

Институтымыздың Қазақ тілі және әдебиеті бакалавр және магистратура студенттері ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына шолу жасап өтті.
Жанар Нуратаева,
Қазақ тілі және әдебиеті 1-курс магистранты.